Андықожа батыры

                                                                           Андықожа батыры

Елбасының бастауымен биылғы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудеміз.

Хандық жүйе басталғалы небір ақылман дана шешең елін сүйген хандар мен батырлар өтті.

Әз Жәнібек, Керей хандардан басталған қазақ халқы елі мен жері үшін талай арпалысты замандарды бастарынан кешті.

Осындай күрес жолы ел үшін жан аямай арпалысқан батыр аталарымызды, небір шешең ел бастаған кесемдер мен хандарды өмірге әкелді.

"Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан" кейін тарих сахнасына шыққан Абылай хан халықты бастап, қазақ мемлекеттілігінің іргесін бекітті.

Осындай қиын сәтте Абылай жасағына Қойлы Атығай елін бастап барып қосылған Андықожа батыр Әлмембетұлы ерекше көзге түсті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл толуына арналған ғылыми конференцияда Көкше жеріндегі батырдың ұрпағы Райша Рамазанова: "Сәмеке хан тұсында батыр атағын алған атамыз Андықожа Абылай хан Көкшеге келгенде бірінші қолбасшы әрі кеңесшісі болған көрінеді. Бабамыз ақылды әрі таза, адал жан болған Жаугершілік кезінде қол бастап,

"Бұланты-Аягөз", "Аңырақай" соғыстарына қатысқан Бөгенбай батыр, Шақшақ батырлармен дос болған.

Осы жерлерді қалмақтардан тазартқаннан кейін жер бөлісін Абылай хан Андықожаға жүктейді.

Сонда "Ақшоқы" деген тауы бар "Үлкен Қорсан", қазіргі кезде "Кордон Борный ключ" аталған жер Андықожа қыстауы болады да, Абылай ханға әдемі Бурабай маңы тиеді. Қазіргі күркетауық фабрикасы ханның "Қызылағашы" деп аталған, сонда хан ордасы болған", -дейді.

Андықожаның туған жері Солтүстік Қазақстан облысындағы Аралағаш маңы болса да, өмірін осы жерде өткізген Мінген аты -Таушұбар, бүркіті - Ақбалақ, қар шығасы - Көксүңгі.

"Сүйегі Түркістанға апарып жерленді дейтін түбі Қойлы Атығай Андықожа батыр Әлмембет баласының (1672-1782 ж.ж.) Аңырақай соғысында көрсөткен ерлігі үшін Абылай хан "Хан бұлағы" мен "Қызылағаш" деген жерлерді сыйға береді" дегенді жазушы Тортай Сәдуақасовтың "Ел мен Жер" деген кітабынан оқыдық.

Батырдың туған жері Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы Үшқызыл ауылы екені де сонда айтылған Бұған қарағанда, батыр қазақ-қалмақ соғысына дейін осы жақта үйлі баранды болып жүрген кезінде жасаққа аттанса керек.

Олай дейтініміз, жоғарыда айтылған Үшқызыл ауылы мен Аралағаш ауылдарында Андықожаның ұрпағымыз дейтіндер баршылық.

Жоғарыда аталған "Хан бұлағы", "Қызылағаш" деген жерлерде тұратын жанашыр туыстары мен зиялы қауым өкілдері әкімдіктері арқылы ономастикалық комиссияға жазып, бұған дейін "Донской" деп аталып келген кеңшар орталығы "Андықожа ауылы" деп аталыпты дегенді естіп, мұндағы ұрпақтарынан үш-төрт адам әдейі іздеп, жолға шыққанбыз.

Әуелі Көкше, одан Бурабай төңірегін шарлап, осы қария біледі дегендерді түгел әр ауылдан іздеп, ақыры Еңбекшілдер ауданының жерінен таптық. Шынын айту керек, бір төбеге көтеріле бергенімізде биіктігі төрт метрдей плитаның бе
тіне ұлттық нақышпен өрнектеп "Андықожа ауылы" деген жазуы бар тастың жанына келіп тоқтадық. Баршамыз қуанысып, тастың жанына барып, атамызды тірі көргендей болып суретке түстік.

Жақын жүрген малшыны шақырып алып, елінде жөн-жоба білетін көнекез қарияның бар-жоғын білдік. Ауылдың 82 жастағы Қорқыт есімді қариясы бар екен, соның үйіне ат басын тіредік. Ақсақал құрақ ұшып, қарсы алды. Сұрастырсақ, Андықожа қарияның жетінші атасы екен.

Осылайша батырдың қазақ-қалмақ соғысына дейінгі ұрпағы мен Көкше теңірегінде өрбіген ұрпақтарының табысып, танысқан сәтіне куә болдым.
Біз Андықожаның Көкше жеріндегі тұрағын іздеп шыққан төрт адам едік. Олар: Андықожаның осы жақтағы алтыншьг ұрпағымыз дейтің жетпіске жақындап қалған Қазбек Тұйғынбайұлы, одан кейінгілер: Қазбектің ағасының ұлдары -Мағжан мен Қанат және осы жолдардың авторы - Молдахмет Сұрағанұлы.

Ендігі айтпағымыз, елдің елдігің қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалу жолын дааянбайтерін де, қанын да төккен атамыз Андықожаны Көкше жеріндегі ұрпақтары мемлеке қорғауына алдырып, тұтас бір елді мекеннің атын беріп, республика картасына жаздырып отырғанын көріп отырмыз.

Батырдың туған жері - біздің өлке. Ендігі айтарымыз: ел басшылары мен зиялы қауым өкілдері қолдау көрсетіп, батырды мөңгі есте қалдыру үшін туған жері - Лесное елді мекеніне оның аты берілсе. Сондай-ақ, қала көшелерінің бірі Андықожа батыр есімімен аталып, аудандардағы спорт кешендерінің біріне батыр бабамыздың атын қою мәселелері қарастырылса. Бұл біздің елдігімізді сақтап қалуға үлесін қосқан батыр бабамыз Андықожа аруағына жасаған үлкен құрмет болар еді.

Молдахмет СҰРАҒАНҰЛЫ, зейнеткер.Петропавл қаласы.


// Солтүстік Қазақстан . – 2015 . -14 мамыр . – 6 бет  ..

Возможно вам будет интересно

Тіл – татулық тірегі

Тіл – татулық тірегі

Осылай аталған байқау мемлекеттік тілдің өзге этностар­ арасында қ... Читать полностью.

Морозова Л. Постигать прекрасное  // Северный Казахстан.-2008.-7 ноября.-С.8

Морозова Л. Постигать прекрасное // Северный Казахстан.-2008.-7 ноября.-С.8

ПОСТИГАТЬ ПРЕКРАСНОЕ В октябре исполняется 16 лет, как в Казахстане создана и успешно работает &laq... Читать полностью.

Ширятся горизонты сотрудничества // Северный Казахстан. – 2007. – 6 апреля. – С.1 – 2.

Ширятся горизонты сотрудничества // Северный Казахстан. – 2007. – 6 апреля. – С.1 – 2.

 Ширятся горизонты сотрудничества      4 апреля североказахстанцы встречали пос... Читать полностью.