Андрей ПУНЕНКО

                                                         

                                                       Андрей Пуненко

  1918 жылы Омбы облысының Называй ауданындағы Носовка селосында         дүниеге келді. 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келіп, Булаев    ауданындағы "Политотдел" ұжымшарында еңбек етті. 

 1938 жылдың қазанынан 1941 жылғы қаңтарға дейін кавалерия полкінде  қызмет етті.
 93-ші теңіз бригадасының бақылаушы снайпері Пуненко Еділ жағалауында  шайқасты. Осында Вороконово станцияcын азат ету кезінде ерлігі үшін Қызыл  Жұлдыз орденімен марапатталды.

1943 жылдың 5 тамызында Белгород қаласының түбіндегі шайқастарда көрсеткен ерлігі үшін екінші рет Қызыл Жұлдыз орденін омырауына тақты. Бірақ жараланып, Бобров қаласына емделуге жіберілді.

1944 жылдың көктемінде Пуненко басқарған барлаушылар тобы Кривоград облысының қорғанысы мықты Комнашевка селосына басып кіріп, негізгі күш келіп жеткенше ұстап тұрды. Осы ерлігі үшін Пуненко үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Андрей Пуненко Карпатта жаралыларды ұрыс даласынан аман алып шыққаны үшін екінші дәрежелі Даңқ орденіне ие болды.1944 жылдың 19 қыркүйегінен 5 желтоқсанына дейін 238-ші гвардиялық атқыштар полкінің санитарлар ротасының санинструкторы, аға сержант Пуненко шайқастардың ең қиын жағдайларында өмірін қатерге тіге жүріп, ұрыс даласында алғашқы медициналық көмек көрсете отырып, 64 жаралы жауынгер мен офицерді алып шықты.

Осы ерлігі еленіп, Пуненко I дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1995 жылғы 25 қаңтарда қайтыс болды. Петропавл қаласында жерленді.

(‘‘Солтүстікқазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында” кітабынан алынды).


// Солтүстік Қазақстан – 2015. – 28 сәуір. – 7 бет
 

Возможно вам будет интересно

Әкем жайлы естелік

Әкем жайлы естелік

  "Әке - асқар тау" демекші, әр перзент үшін аяулы әкенің орны ерекше. Әке дегенде нұ... Читать полностью.

Семен Киреев

Семен Киреев

   1916 жылы Алтай елкесіндегі Косихин ауданының Червовый селосында туған. 19... Читать полностью.

Сүлейменов, Ж. Мағжан жаққан бір сәуле [Мәтін]:   Мағжан  Жұмабаевтың  баспасөздегі қызметі / Ж. Сүлейменов // Soltústik QAZAQSTAN. – 2020.- 20 aqpan.- Б. 3

Сүлейменов, Ж. Мағжан жаққан бір сәуле [Мәтін]: Мағжан Жұмабаевтың баспасөздегі қызметі / Ж. Сүлейменов // Soltústik QAZAQSTAN. – 2020.- 20 aqpan.- Б. 3

Бүгін қазақ баспасөзінің тарихында ойып алар орны бар “Soltústik Qazaqstan” газет... Читать полностью.