Литературоведение. Художественная литература 
![]() |
Оқу-әдістемелік құралға ХІХ-шы ғасырдын аяғы мен XX ғасырдын 80-ші жылдары аралығында өмір сүрген Көкшетау-Қызылжар өңірінің әнші-ақындары Молдахмет Тырбиев, Игібай Әлібаев, Мұса Асайыновтың өлендері мен толғаулары, поэмалары, айтыстары жинакталып енгізілді. |
![]() |
|
![]() |
|
![]() |
Қазақ журналистикасының ардагерлерінің бірі Құрманбек Сағындыковтың (1910-1988) сан салалы шығармашылық мол мұрасының ішінде оның өскери публицистикасы айрықша орын алады. Қолыңыздағы бұл кітапқа майдангер қаламгердің сұрапыл соғыс жылдарында өзі қатысқан, куәгері болған қанды шайқастар хақындағы жазбалары, М. В. Панфилов, Б. Момышұлы, М. Ғабдуллин, A. Л. Мұхамедьяров, Б. Жетпісбаев, Т. Әбдібеков, Ә. Нүсіпбаев және т.б. сынды аты аңызға айналған хас батырлар туралы естелік толғаныстары енгізілген. |
![]() |
«Хандар кестесі»— оқушы қауымға тарихи тақырыпқа жазылған «Алтын тамыр», «Көмбе» атты роман-эсселерімен жақсы таныс жазушы Қ. Салғариннің ұзақ жылғы зерттеу еңбегінің жемісі. Кітап анықтамалық мақсатта нақты деректерге құрылған. Сондықтан өз халқының тарихын танып, өткенін жете білсем деген әр адам бұл кітаптан ерекше мол мағлұмат ала алады. Өйткені мұнда автор сонау скиф патшалығынан кешегі қазақ хандығына дейінгі жиырма бес ғасырлық аралықты қамтып, осынау Ұлы Далада әр кезеңде өмір сүрген патшалықтар мен қағанаттардың, мемлекеттер мен хандықтардың билеушілерінің жылнамалық кестесін жасай отырып, сол кезеңдердің тарйхынан нақты деректер береді. Тарихи фактілерге сүйенген автордың оқушыны ойға шақыратын жаңа пайымдаулары да баршылық. |
![]() |
|
![]() |
Ақын Ахметжан Нұртазаұлының өмір жолы, ақындық еңбектері, табиғаттың жанашыры ретінде атқарған баға жетпес жұмыстары жайында, осы кітаптың авторы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Қобылан қажы Хамзаұлы 2000 жылы жазып шығарған «Асыл арыстар» атты кітабында келелі ойлар, көлемді естелік сөздер айтылған болатын. 2008 жылы Ахметжан Нұртазаұлының 100 жасқа толуына арнап жазылып отырған бұл кітапта өмір жолы кеңінен баяндалып, ақындық қазыналары тереңірек зерделеніп, Аханды жақын білетін кісілердің естеліктерімен толыққан еңбек, ақынның жарқын бейнесін жарқырата жариялап отыр. Кітап сонысымен құнды, оқушыларына Ахаң жайында жан-жақты мағлұмат беретін бағалы жинақ. |
![]() |
Республикамыздың көрнекті жазушысы әрі Ғылым академиясының академигі марқұм Сәбит Мұқановтың көзінің тірісінде баспаға ұсынған «Халық мұрасы» деп аталатын еңбегін көпшілік оқырмандар қауымына ұсынып отырмыз. Бұл еңбек қазақ халқының мәденисті, өнері, тілі, материалдық тұр-мысы, көрші халықтармен қарым-қатынасы т. б. жайындағы автордың көп жылдық зерттеу жұмысының нәтижесі. |
![]() |
Бұл “Халық даналығы” атты кітапша қай заманда болмасын, тәлім- тәрбиелік мәні бар, жеке тұлғалардың рухани адамгершілігін дамыту мақсатында жас ұрпак тэрбиесінің шынайы жанашыры бола алатын отбасына, туған-туыс, түсінігі терең мейірімді оқырмандар гибрат алар деген үмітпен кұрастырылды. |