Литературоведение. Художественная литература 
![]() |
Қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы перзенті, нәзік сөзімнің, тәтті киялдың ақыны Магжан Жумабаев — поэзия әлеміндегі жарық жұддыз, қайталанбас құбылыс. Оның өзіндік үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін XX ғасырдың басында-ақ Европа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. Бұл оның ішкі шығармашылық кұдіретінің барынша зор, куатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты болғанын дәлелдейді. Оньң құпиясы әлі толық ашылған жоқ. Демек, Мағжанды, оның артына қалдырған мұраларын зерттеу жалғаса бермек. Назарларыңызға ұсынылып отырған эссе осындай ұмтылыстан туған шығарма. |
![]() |
|
![]() |
Бұл кітап Қазақстан халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Сері Жүнісовтың 65 жасқа келуіне, творчестволық қызметінің 45 жылдығына орай дайындалған еді. Бұған жазушының әр жылдары ел тағдыры, заман өзгерістеріне қарай жазған, сөйлеген публицистикалық шығармалары іріктеліп, жазушы жайында ой толғаған замандас жазушы, ақындардың да шығармалары беріліп отыр. Бұл кітап арқылы, оқырман қауым, сіздер Сәкен серінің бұрын прозалық, драмалық дарындылығын білсеңіздер, енді оның қоғам қайраткері ретіндегі ой толғаныстары арқылы публистикалық, арнау өлеңдері арқылы ақындық қабілетін де, ол туралы кейбір замандас-қаламдастарының берген бағасына да қанығасыздар. |
![]() |
|
![]() |
|
![]() |
Қазақтың классик жазушысы, академик Сәбит Мұқановтың ғылыми зерттеулері монографиялық тұрғыдан бұрын-соңды зерттелінбей келген еді. Қазақ әдебиеттану ғылымында Сәбиттану ілімі жазушылық, көркемдік, поэзия, проза жанрларындағы ұлы табыс-тары жайында жазылған еңбектер, жасалған зерт-теулер мол болғанымен ғұлама ғалымдығы жанжақты зерттелінбеген. Автор әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде Сәбиттану арнайы курсын оқыту барысында осы олқылықтың орнын толықтыру қажет деп тауып, бұл моногра-фияны қалың оқушы жұртшылыққа, жоғары және мектептің мұғалімдеріне, оқытушы ұстаздарына, та-лапкер жастар мен студенттерге ұсынып отыр. |
![]() |
Қазақтың классик жазушысы, академик Сәбит Мұқановтың, ғылыми зерттеулері монографиялық тұрғыдан бұрын-соңды зерттелінбей келген еді. Автор әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде Сәбиттану арнайы курсын оқыту барысында осы олқылықтың орнын толықтыру қажет деп тауып, бұл моногра-фияны калың оқушы жұртшылыққа, жоғары және мектептің мұғалімдеріне, оқытушы ұстаздарына, талапкер жастар мен студенттерге ұсынып отыр. |
![]() |
Қазақтың көрнекті ақыны, белгілі қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов бұл шағын жинағында зор ағынды шабытпен Сәбең жайлы кең тебіренді. Өлеңдері шын жүректен туған ұлы жазушының өмірінін дыры мен сырын ұшқыр ой, терең сезіммен танытады. Ағалардың Себит Мұканов жайлы айтқандары мен кейінгі ұрпақ һәм көз көрген жерлестерінің естеліктерінің ең шурайлы деген кездерін өлең етіп, сом тұлғаның зор бейнесінен мол мағлұмат берген. Заман сыры мен осы күндерді байланыстыра отырып, қоғамдағы кұбылыстарды келісті қамтыған. Соның бәрі асыл ағанык даркан дарыны мен жан-жақты табысын аша түсуге арналған. Оқушы қауымның қазақтың кемеңгер ұлына лайықты туған кемел жырдың кәусар бұлағынан сүйсіне сусындайтынына кәміл сенеміз. |
![]() |
Қазақтың ұлы жазушысы С. Мұқанов туралы солтүстікқазақстандықтардың естіліктері мен жыр жолдары |
![]() |
Бұл жинаққа Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы жайлы әр жылдары шыққан мақалалар хронологиялық тұрғыда топтастырылды Кітап барша оқырман қауымға арналады. |
![]() |
Кітапқа аса көрнекті жазушы Сабит Мұқановтың (1900—1973) өлеңмен жазылған трагедиялық романы «Сұлушаш» және атақты балуан, әнші, композитор Нұрмағамбет Баймырзаұлы (1864— 1919) туралы «Балуан Шолақ» повесі енгізілді. Ро-манда Алтай мен Сұлушаштың арасындағы сүйіспеншілігі, бір-біріне деген ыстық ықыласы, екі жастың махаббаты қайғылы халде жырланған. Ал повеете қазақ балуанының асқан қара күші, мейірбандығы мен зор адамгершілігі, ел билеген озбырлардың жауыздығы тамаша суреттелген. Жинақ көпшілік оқырманға арналған. |
![]() |
|
![]() |
Жалғыз қазақ емес, күллі Тұран жерінен шыққан түркі текті халықтардың мақтанышына айналған, көзі тірісіндеақ мәнгілік сөнбес Шолпан жұлдызындай жарқырап шыққан Мағжан ақын жырлары уақыт откен сайын соны қырынан танылып, жаңа да жас оқырманын тауып отырары сөзсіз. Қалың жұрт ұзақ жыллар көз жазып қалған қазақтың ұлы ақынының бұл кітабына әр жылдары жазылған өлеңдері мен поэмалары топтастырылды. |
![]() |
Қазақ халқының көрнекті акыны Кәкімбек Салыковтын «Сырғалы сонеттер» атты бұл жинағынла сонеттер мен сонеттен тізілген гултәждері еніп отыр. |
![]() |
Мәдина Сүлеймен - Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің түлегі, тіл маманы. Жас қаламгер өзінің тұңғыш туындысында атасы - қоғам қайраткері, журналист-жазушы Жарасбай Сүлейменовпен сұхбаттаса отырып, өмірдің көптеген өзекті мәселелерін қозғайды. |
![]() |
|
![]() |
|
![]() |
Бұл жинақтың авторы Марал Зейнел-Ғабиқызы Оспанова - осы Қызылжардың тумасы, мамандығы - дәрігер, ақын, журналист. Марал әрбір ақынжанды қазақ қызына тән мінезбен ойға келіп қалған шумақтарды қағазға түсіріп жүреді. Жинақтағы өлеңдердің риясыз шын жүректен шыққандығын оқырман өзі де байқар. Маралдың сыр сандығындағы бұйымдар кітап түрінде қалың оқырманға толық ұсынылып отыр. |
![]() |
Бұл жинақтың авторы Марал Зейнел-Ғабиқызы Оспанова - осы Қызылжардың тумасы. мамандығы - дәрігер, ақын, журналист. Марал әрбір ақынжанды қазақ қызына тән мінезбен ойға келіп қалған шумақтарды қағазға түсіріп жүреді. Жинақтағы өлеңдердің риясыз шын жүректен шыққандығын оқырман өзі де байқар. Маралдың сыр сандығындағы бұйымдар кітап түрінде қалың оқырманға толык ұсынылып отыр. |
![]() |
|